16.03.2013 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44, 45, 46, 81 және 82-баптарына сәйкес, 2013 жылғы 15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленсін:
Біләлов Серік Сұлтанғазыұлына 180 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 89,55 пайызы берілді;
Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлына 21 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 10,45 пайызы берілді.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы сайланған болып есептелсін және тіркелсін.
3. Біләлов Серік Сұлтанғазыұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2013 жылғы 16 наурыз
№ 8/200