12.10.2022 |
![]() |
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының
Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын
талаптарға сәйкестігін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабының 3-тармағына және 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 12 қазан
№ 83/567