27.11.2013 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6- тармақтарына және 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Тәңірберген Маратұлы Бердоңғаровқа берілсін.
2. Тәңірберген Маратұлы Бердоңғаров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Тәңірберген Маратұлы Бердоңғаровқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2013 жылғы 27 қаңтар
№ 22/222