05.08.2014 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында:
1) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады;
2) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауда байқауды жүзеге асырады.
2. Шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2014 жылғы 25 қыркүйекте аяқталады.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2014 жылғы 05 тамыз
№ 13/239