05.08.2014 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 115 000 (жүз он бес мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 105 000 (жүз бес мың) теңге сомасында;
4) таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай жалдау – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;
5) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару – 25 000 (жиырма бес мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар: облыстар үшін – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында, Астана және Алматы қалалары үшін - 35 000 (отыз бес мың) теңге сомасында.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2014 жылғы 05 тамыз
№ 13/238