26.02.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлаушылардың тізімі (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парағы (2-қосымша);
3) азаматтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші (3-қосымша);
4) азаматтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (4-қосымша);
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері (5-қосымша);
6) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (7-қосымша);
8) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (8-қосымша);
9) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетені (9-қосымша);
10) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы шешімі (10-қосымша);
11) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы шешімі (11-қосымша);
12) учаскелік сайлау комиссиясының сайлау учаскесін ашу туралы хаттамасы (12-қосымша);
13) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (13-қосымша);
14) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыстарды санау туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (14-қосымша);
15) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (15-қосымша);
16) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі (16-қосымша);
17) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (17-қосымша);
18) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның халықаралық байқаушысының куәлігі (18-қосымша);
19) № 1 хабар (19-қосымша);
20) № 2 хабар (20-қосымша);
21) № 3 хабар (21-қосымша).
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 26 ақпандағы № 5/261