26.02.2015 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 26 ақпандағы № 5/262