25.09.2014 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қоса беріліп отырған тізімге сәйкес аккредиттелсін.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 18/245