09.03.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына, 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қол қою парақтарында:
1) бірнеше адам үшін бір қолмен орындалған;
2) нақты кандидат үшін қол қою парақтарында бір адам бір реттен артық орындаған;
3) қол қою парағына сай деректер толық болмаған кезде;
4) өз қолын кері қайтарып алушы сайлаушының жазбаша өтініші болған кезде;
5) белсенді сайлау құқығы жоқ адам орындаған;
6) қайтыс болған адамдар үшін орындалған сайлаушылардың қолдары жалған болып танылатыны белгіленсін.
2. Аумақтық сайлау комиссиясы, қол заңдардың талаптарын бұза отырып алынғаны анықталатын өзге жағдайларда да, қолды жалған деп тануы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 09 наурыздағы № 3/10