09.03.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Уәлихан Әбішұлы Қайсаров Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының талаптарына сәйкес емес деп белгіленсін.
2. Уәлихан Әбішұлы Қайсаровты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 09 наурыздағы № 3/9