29.09.2022 |
![]() |
Астана қаласы сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Астана қаласы сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №91-ГИК хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Астана қаласы сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Талғат Есімұлы Мәкенов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана қаласының мәслихаты мен Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 29 қыркүйек
№ 74/559