29.09.2022 |
![]() |
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 06-01-02/614 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сәулехан Табынбайқызы Күнтілеуова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 28 қыркүйек
№ 73/557