28.09.2022 |
![]() |
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен
жұмысты ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 5-тармағына, 12-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларына, 14-бабының 4-1) тармақшасына, 24, 25, 26, 26-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Дауыс беру үшін сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/197 қаулысына сәйкес сайлаушылар тізімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) азаматтарды, оның iшiнде уақытша тiркелген азаматтарды жазбаша өтiнiштер негiзiнде сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзу тәртiбi туралы, сондай-ақ өңірде іске асырылатын ақпараттық сервистер туралы кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етсін;
3) сайлаушылар тiзiмдерiнiң толықтығы мен дұрыстығы мақсатында сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзудi тексеру және азаматтарға олардың сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлуi туралы ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық сервистердің (колл-орталықтардың, цифрлық сервистердің, интернет-ресурстардың) барынша жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу туралы азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құрсын және олардың қызметін ұйымдастырсын;
5) қолданыстағы заңнамаға сай азаматтардың сайлауға дейін отыз күннен кешіктірмей келіп түскен жазбаша өтініштері негізінде оларды тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізуді қамтамасыз етсін және тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырсын;
6) әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беру басталғанға дейiн жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссияларына белгiленген тәртiппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
2. Аумақтық сайлау комиссиялары:
1) жергiлiктi атқарушы органдардың дауыс беру үшiн сайлаушылардың жаңартылған тiзiмдерiн акт бойынша уақтылы беруiн бақылауды қамтамасыз етсін;
2) сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдардан алған күннен бастап екі күн ішінде оларды электрондық түрде Орталық сайлау комиссиясына берсін;
3) учаскелiк комиссиялардың сайлаушылар тiзiмдерiн белгiленген тәртiппен танысу үшiн уақтылы беруiн бақылауды қамтамасыз етсін;
4) учаскелiк сайлау комиссиясының шешiмi бойынша сайлаушылар тiзiмiне өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, бұл туралы бiр күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарласын.
3. Учаскелік сайлау комиссиялары:
1) дауыс беру күніне он бес күн қалғанда тиісті учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушыларды таныстыру үшін сайлаушылардың тізімдерін берсін;
2) сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзу, олардан шығару не сайлаушылар тiзiмдерiне түзетулер енгiзу қажеттiгi туралы өтiнiштер олардың сайлау комиссиясына келiп түскен күнi қаралсын;
3) сайлаушылар тiзiмiне өзгерiстер енгiзiлген жағдайда бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына дереу хабарласын.
4. Осы қаулы Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылсын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдеріне, аумақтық сайлау комиссияларына орындау үшін жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н.Әбдіров |
Секретарь Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 28 қыркүйек
№ 72/554