27.09.2022 |
![]() |
Алматы қаласы сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Алматы сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 қыркүйектегі № 97 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Алматы қаласы сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Азамат Рашидұлы Тегісов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Алматы қаласының мәслихаты мен Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 27 қыркүйек
№ 70/552