13.03.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиев Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының талаптарына сәйкес деп белгіленсін.
2. Қанат Сбашұлы Турагелдиевке Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 13 наурыздағы № 7/16