23.09.2022 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 141 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Райхан Тілекқызы Абдрахманова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 23 қыркүйек
№ 68/547