22.09.2022 |
![]() |
Атырау облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 411 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Атырау облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Есенжол Таңатарұлы Жұмағалиев және Сәбит Төремұратұлы Меңдібаев тағайындалсын.
2. Осы қаулы Атырау облыстық мәслихаты мен Атырау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 22 қыркүйек
№ 66/544