22.09.2022 |
![]() |
Шымкент қаласы сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Шымкент қаласы сайлау комиссиясының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 83 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Шымкент қаласы сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Алмасбек Кеңесұлы Мамытбеков және Асыл Баянұлы Ыдырысов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Шымкент қаласының мәслихаты мен Шымкент қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 22 қыркүйек
№ 66/543