22.09.2022 |
![]() |
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің
кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының
мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды
ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
12-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту кезеңдерінің мерзімдерін сақтаумен қатар оқыту сапасын және сайлауды ұйымдастырушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ете отырып оқытуды ұйымдастырсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 22 қыркүйек
№ 65/540