22.09.2022 |
![]() |
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Председатель |
Н. Абдиров |
Секретарь |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 22 қыркүйек
№ 65/538