21.09.2022 |
![]() |
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3-1/39-116 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Айғаным Жолшорақызы Ақпанова және Қайрат Қаршығаұлы Нұркенов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Қарағанды облыстық мәслихаты мен Қарағанды облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 21 қыркүйек,
№ 63/536