14.09.2022 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Р.С. Оразбаеваны міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Р.С. Оразбаеваның міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 9 қыркүйектегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рысты Сатымқызы Оразбаева Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына және Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 14 қыркүйек,
№ 62/534