09.09.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету
жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12-бабының 16-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы туралы Ереже;
Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А. Г. Щегорцоваға жүктелсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 9 қыркүйек,
№ 61/532