18.03.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.
3. Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 18 наурыздағы № 12/25