26.08.2022 |
![]() |
2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 44 және 81-баптарына сәйкес, 2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өткізілді деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаттары болып:
Абай облысынан:
2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Бақытжан Кәкенқаджыұлы Байахметов;
2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Айнұр Серікпайқызы Арғынбекова;
Жетісу облысынан:
2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;
2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев;
Ұлытау облысынан:
2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Советбек Тұрсынұлы Медебаев;
2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Серік Жаманқұлұлы Шайдаров
есептелсін.
3. 2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыға қосымшаға сай жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 26 тамыз,
№ 56/526