03.08.2022 |
![]() |
2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабына, 25-бабының 2-тармағына, 37-бабына және 129-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының сайлау комиссиялары 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары таңдаушыларының санына тең мөлшерде, олардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса, дайындасын.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 3 тамыздағы,
№ 55/524