12.07.2022 |
![]() |
2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау
облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) және 2) тармақшаларына, 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 12 шілде,
№ 52/519