08.07.2022 |
![]() |
Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Т.Е. Дәуітовты, Б.Т. Нүсіпованы, З.Р. Интенгеновты, Қ.С. Қаңтарбаевты, Қ.Е. Жақсылықты, М.Д. Албанбекованы міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Т.Е. Дәуітовтың, Б.Т. Нүсіпованың, З.Р. Интенгеновтың, Қ.С. Қаңтарбаевтың, Қ.Е. Жақсылықтың, М.Д. Албанбекованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 5 шілдедегі өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тимур Ермекұлы Дәуітов, Бақытгүл Темірханқызы Нүсіпова, Замир Рафикович Интенгенов, Құдайберген Сәрсенбайұлы Қаңтарбаев, Қахарман Еркінайұлы Жақсылық, Мәдина Дарқанқызы Албанбекова Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Алматы облыстық мәслихаты мен Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 7 шілде,
№ 51/518