20.06.2022 |
![]() |
Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының мүшесі В.Н. Редкокашинді міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және В.Н. Редкокашиннің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 7 маусымдағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Владимир Николаевич Редкокашин Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына және Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 20 маусым,
№ 50/516