25.03.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тіркеу үшін қажетті құжаттарды тапсырмауына байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қанат Сбашұлы Турагелдиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 25 наурыздағы № 17/37