30.05.2022 |
![]() |
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы
«Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
3. Халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 30 мамыр,
№ 42/503