15.04.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының № 23 сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2015 жылғы 21 маусымға тағайындауы келісілсін.
2. Осы қаулы Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.15 сәуірдегі № 27/53