13.05.2022 |
![]() |
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 мамырдағы № 1-19/113 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Динара Әмірханқызы Джайшыбекова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 12 мамыр,
№ 35/492