23.04.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына, 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің қоса беріліп отырған үлгісі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 57/112 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 23 сәуірдегі № 30/59