| 06.05.2022 |
|
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады деп айқындалсын.
2. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігінің және есептен шығару куәлігін алуға өтініштің нысандары белгіленсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 6 мамыр,
№ 33/489
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
