| 06.05.2022 |
|
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы
«Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтіні бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес дауыс беруге арналған бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер тізімге енгізілген референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың санына тең мөлшерде, бір процент резервімен дайындалады деп белгіленсін.
4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының референдум комиссиялары дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 6 мамыр,
№ 33/488
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
