06.05.2022 |
![]() |
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдумды өткізу жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі (1-қосымша);
2) учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (2-қосымша);
3) дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (3-қосымша);
4) дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (5-қосымша);
6) Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындылары туралы хаттамасы (6-қосымша);
7) шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысының куәлігі (7-қосымша);
8) хабар (8-қосымша).
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 6 мамыр,
№ 33/486