06.05.2022 |
![]() |
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум комиссиялары қызметінің кейбір мәселелері туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңының 6-бабының 3-тармағына, 8-бабының 2-тармағына, 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аумақтық референдум комиссиялары референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдарын, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
2. Республикалық референдумды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде референдум комиссиялары тиiстi сайлау комиссияларының мөрлері мен интернет-ресурстарын пайдаланатыны белгiленсiн.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi референдум комиссияларының қарамағына референдумды әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажет үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын беру жөнiндегi шараларды көздесін, референдум комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдессiн, олардың жұмысына қажетті мәліметтер мен материалдарды берсін, басқа да көмекті көрсетсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 6 мамыр,
№ 32/481