28.04.2015 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 9, 12, 44 және 65-баптарына сәйкес және қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты жақтап 8833250 (сегіз миллион сегіз жүз отыз үш мың екі жүз елу) дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,75 пайызы берілді.
2. 2015 жылғы 26 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 28 сәуірдегі № 32/61