26.08.2015 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Е.З. Нығматулин туралы» 2015 жылғы 26 тамыздағы № 77 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 26 тамыз № 37/70