05.10.2015 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.Қ. Ғалымованы тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына және 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әлия Қайратқызы Ғалымоваға берілсін.
2. Әлия Қайратқызы Ғалымова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Әлия Қайратқызы Ғалымоваға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 05 қазан № 41/74