11.04.2022 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бірлескен қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 шілдедегі №16/313 бірлескен қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері |
А. Есмағамбетова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 11 сәуір,
№ 25/470