26.08.2015 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Н. Нөгербековтің өкілеттігін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «С.Н. Нөгербеков туралы» 2015 жылғы 26 тамыздағы № 76 Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 26 тамыз № 37/68