30.03.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Геннадьевна Щегорцова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның хатшы лауазымынан босатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның хатшысы болып сайлансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 30 наурыз,
№ 21/463