21.02.2022 |
![]() |
2022 жылғы 27 ақпанда Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жөніндегі республикалық референдумға Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 27 ақпанда Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жөніндегі республикалық референдумға Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 21 ақпан,
№ 10/446