28.01.2022 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 15/429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 15/429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Ортсайлауком аппаратының құрылымы мен штат кестесін саны мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Ортсайлауком Төрағасы айқындайды.
Ортсайлаукомда және оның ведомствосында мынадай жұмыс режимі белгіленеді: жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін.
Ортсайлауком мүшелері мен оның аппаратының қызметкерлері үшін олардың өтініші бойынша Ортсайлауком Төрағасының, аппараты басшысының өкімдері негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзге жұмыс уақыты режимі айқындалуы мүмкін.».
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде осы қаулының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 28 қаңтар,
№ 5/441