22.12.2021 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының
мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Т.Т. Каскиннің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 10 желтоқсандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тілеген Төлегенұлы Каскин Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 22 желтоқсан,
№ 18/433