02.09.2021 |
![]() |
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының
мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес және Е.Е. Турабаевтың тиiстi сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 19 шілдедегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еркін Ермағанбетұлы Турабаев Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихаты мен Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға
|
Б. Имашев
|
Хатшы
|
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы
2021 жылғы 31 тамыз
№ 10/419