23.06.2021 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Е.М.Бекшеновтың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 18 маусымдағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ерболат Мұратұлы Бекшенов Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 23 маусым,
№ 6/410