23.06.2021 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Ж. Ожаевты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі бюросының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 008PQ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаевқа берілсін.
2. Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 23 маусым,
№ 5/409